Жетісу облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай кеше кешкісін болған. Оқиға орнына департамент өкілдері жедел жетіп, 27 жеке құрам қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды. Жарылыс салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатыры ішінара құлаған. Зақымданған аумақ шамамен 36 шаршы метрді құрады. Үш адам жарақат алып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр, тұрақты, есін біледі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ ауыл әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы дүкендегі жарылысқа және апатты-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде уақытша су беру тоқтатылатынын хабарлады.