Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

БҚО-да 11 айлық бала ауруханада көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында 11 айлық бала шетінеп кетті, деп хабарлайды paryz.kz.

БҚО-да 11 айлық бала ауруханада көз жұмды
Фото: pixabay

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ұл бала медициналық ұйымға бастапқыда басқа негізгі диагнозбен ауыр жағдайда түскен.

Қосымша қызылша инфекциясына тән клиникалық белгілер байқалғанымен, зертханалық зерттеу нәтижесінде диагноз расталмады. Науқасқа қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді.

«Өкінішке қарай, жүргізілген ем-шараларға қарамастан, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкін болмады. Қазіргі уақытта жағдай бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.