Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жамбылда жол апатына түскен баланы құтқару үшін дәрігерлер ауданға тікұшақпен жетті

Жамбыл облысында дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін ауданға тікұшақпен жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбылда жол апатына түскен баланы құтқару үшін дәрігерлер ауданға тікұшақпен жетті
Фото: ДСМ

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол апатынан 2019 жылы туған баланың өміріне үлкен қауіп төнген. Уақытты жоғалтпас үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері оқиға орнына санитарлық авиация тікұшағымен жедел жеткен.

Аудандық ауруханада нейрохирург пен анестезиолог-реаниматолог баланың өмірін сақтау үшін аса күрделі декомпрессионды трепанация отаны сәтті орындап шықты.

Мамандардың айтуынша, бұл - бас миын өлімге әкелуі мүмкін қысымнан құтқару үшін жасалатын аса ауыр, өмірді сақтайтын операция.