Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Таразда әйел екі баласын әдейі бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Жамбыл облысында анасы екі кішкентай баласын бесінші қабаттың терезесінен әдейі лақтырып жіберді, деп хабарлайды paryz.kz.

Таразда әйел екі баласын әдейі бесінші қабаттан лақтырып жіберген
Фото: pixabay

HALYQSTAN тілшісінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Төле би даңғылындағы жатақханалардың бірінде болған.

Тергеу деректеріне сәйкес, 36 жастағы әйел өз үйінде отырып, 2021 жылы туған қызын және 2023 жылы туған ұлын әдейі бесінші қабаттың терезесінен кезек-кезек лақтырып жіберген.

Өзі де секірмек болып, соңғы сәтте тоқтаған. Екі бала да тірі қалып, жедел түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер екі балада көптеген жарақат барын анықтады. Қазір балалар жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға дейін әйел мен оның жұбайы арасында жанжал шыққан. Ұрыстан кейін ер адам үйден шығып кеткен. Сондай-ақ әйел соңғы жылдары қатты бас ауруынан зардап шеккені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп жасөспірімді өлтіруге оқталу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.