Алматы облысындағы шаруашылық қожалығында бір отбасы қайтыс болған, деп хабарлайды paryz.kz.
БАҚ беттерінде тараған бұл ақпаратты Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі растады.
Департамент мәліметінше, 2 ақпанда Райымбек ауданының әкімдігінен Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығының қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат түскен.
— Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның денесін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шықты, — деп хабарлады ТЖД.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кетті.