Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағандыда хоккейші мұз айдынында көз жұмды

Қарағандыда хоккейші әуесқой матч кезінде мұз айдынында көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қарағандыда хоккейші мұз айдынында көз жұмды
Фото: sputnik.kz

Оқиға матчтың басталу сәтінде болған.

Видеодан ойыншының мұз айдынына сәлемдесуге шыққан кезде құлап қалғанын көруге болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жедел жәрдем келгенге дейін хоккейші қайтыс болған.

"Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады", - дейді ведомство мамандары. Жергілікті БАҚ хоккейші "СКА-Приозерск" әуесқой команда құрамында ойнағанын атап өтті.