Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қосшыда сабақ үстінде қыз бала көз жұмды

Косшыда кәмелетке толмаған қыз спорттық жаттығу кезінде өзін нашар сезініп, көз жұмды. Полиция оқиғаны тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қосшыда сабақ үстінде қыз бала көз жұмды
Фото: pixabay

Telegram желісіндегі HALYQSTAN арнасы Косшыда қоғамдық мәдени-спорт кешенінде жаттығу жасап жүрген кезінде 10 жастағы баланың қайтыс болғаны туралы жазды.

"Қыз бала "демікпе" диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Сабақ кезінде ол кенет өзін жайсыз сезіне бастаған. Жедел жәрдем шақырылған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оның жағдайы одан сайын нашарлай берді. Жедел жәрдемге барлық қажетті жабдықтары бар реанимобиль қажеттігін айтып, қайта қоңырау шалынған. Көрсетілген көмекке қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген жазбада. 

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне кәмелетке толмаған баланың өлімі туралы ақпаратты растады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған баланың денсаулығы сабақ кезінде нашарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

Ведомстводағылар тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.