Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбеде ер адам өгей баласына бірнеше жыл қатыгездік көрсеткен

Ақтөбеде жасөспірім баласына ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткен өгей әкеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соты.

Ақтөбеде ер адам өгей баласына бірнеше жыл қатыгездік көрсеткен
Фото: pixabay

Қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды. "Ақтөбе қаласының тұрғыны 2012 жылы туған өгей баласына қатысты ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткен. Ұрып-соғып, базарда еріксіз жұмыс жасатып, физикалық күш қолданған. Психикалық зардап шектірген", - дейді сотта.

Алайда өгей әке өзіне тағылған айыпты ішінара ғана мойындаған. Бірақ кінәсі дәлелденген. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен ер адам Қылмыстық Кодекстің 110-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - дейді сотта.