Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде өрт шықты

Ақтөбе қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында «ГАЗель» автокөлігі өртенді, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде өрт шықты
Фото: видиодан скриншот

Оқиға Жібек жолы тұрғын алабында (Заречный-3) болған. Жедел қызметтердің мәліметінше, көліктен шыққан от газ колонкасына тез арада тараған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел-құтқару жасағының және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел түрде жіберілді. Барлығы 15 арнайы техникамен 46 адам жұмылдырылды. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, жанармай құю бекетіндегі 6 бензин және 2 газ колонкасына оттың өтуіне тосқауыл қойды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ТЖД.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.