Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақмола облысында тасжолда болған апаттан екі адам қаза тапты

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды. Оқиға бойынша облыстық полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақмола облысында тасжолда болған апаттан екі адам қаза тапты
Фото: ШҚО ПД

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтар күні «Ақсу–Бестөбе–Изобильное» автожолында «LADA Largus» пен «Toyota Land Cruiser Prado» көліктері соқтығысқан.

— Жол апаты салдарынан «LADA Largus» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады ведомство.

Полиция қызметкерлері мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде абай болу және көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылау қажет екенін еске салды.