Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Оралдың шұжық цехында қайғылы жағдай болды

Орал қаласындағы шұжық цехында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Мой Город порталына сілтеме жасап.

Оралдың шұжық цехында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto

40 жастағы жұмысшы станокта қысылып қалды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы қайғылы оқиғаның болғанын растады. 

Қазіргі кезде тексеріс басталды. Ал полицейлер адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.