Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Рудныйда ер адам кәмелетке толмаған балалардың қолынан ажал құшты

Қостанай облысының Рудный қаласында ер адамды кәмелетке толмаған балалар өлтіріп кетті, деп хабарлайды paryz.kz.

Рудныйда ер адам кәмелетке толмаған балалардың қолынан ажал құшты
Фото: ng.kz

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша күдіктілердің жас шамасы 16-17-лерде. Полиция іздеу жариялады.

"Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кім екені анықталды. Қазақстан бойынша полицияның жеке құрамы бағдарланған, оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті.

Полиция тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін ескертті.