Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Кентау қаласының 45 жастағы тұрғыны екі өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікпен қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды paryz.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Телеграм арналардың мәліметінше, қылмыстар бес жыл бойы жасалған, ол кезде қыздардың жасы 6 және 8-де болған.
Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2025 жылдың желтоқсан айында Кентау қаласының кәмелетке толмаған тұрғындарына қатысты заңсыз әрекеттер фактісі бойынша полицияға арыз түскенін хабарлады.
«Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылданады», – деді ведомство.