Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты

Шымкент қаласында болған жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты
Фото: видиодан скриншот

Оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кейін екі көліктегі жүргізушілер мен жолаушылар арасында сөзге келу туындаған. Қысқа уақыт ішінде жанжал ушығып, жаппай төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында суық қару қолданылып, бірнеше адам пышақ жарақатын алған.

Өкінішке қарай, олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қаза тапқан азамат – 40 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктілердің жүрген жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.