Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Астанада бүгін, 20 қаңтарда жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рульде ұйықтап кетуі себеп болған, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған paryz.kz.

Астанада жүк көлігі бетон қоршауға соғылды
Фото: видиодан скриншот

Ұлттық комапнияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 09:00 шамасында Астана – Щучинск автожолы бойындағы "Астана" ақы алу пунктінде болған. Volvo маркалы жүк көлігі бетон қоршауға соғылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рульде ұйықтап кетуі себеп болған", - делінген хабарламада.

Осы орайда "ҚазАвтоЖол" жолға шығатын азаматтарды қарапайым, бірақ аса маңызды талаптарды қаперде ұстауға шақырады.