Оралда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды paryz.kz.
17 қаңтарда Оралда полиция "Бүркіт" арнайы жасағының қолдауымен 33 жастағы ер адамды ұстады.
"Ол Орал қаласы аумағында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.