Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушы "Қорғау" автоматтандырылған жүйесінің көмегімен анықталған. Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері оның жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келгенін анықтаған.
Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.
Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған. Жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.