Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат рас па

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының мектептеріне террористік шабуыл дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат рас па
Фото: polisia.kz

 облысының полиция департаменті Қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 - Аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді - фейк. Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, - деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар полиция жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталғанын мәлімдеді. Фейктің таралуына қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылмақ.