Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

“Менің атым Қожадағы“ басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев көз жұмды

Қазақтың еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист әрі кинодраматург Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті, - деп хабарлайды

“Менің атым Қожадағы“ басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев көз жұмды
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство Нұрлан Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақын-жарандарына көңіл айтты. Нұрлан Санжарұлы қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға болды.

Ол бүкіл ғұмырын шығармашылыққа және ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.

Нұрлан Сегізбаев Абдолла Қарсақбаев түсірген "Менің атым Қожа" фильміндегі басты рөлімен танымал. Экрандағы көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

"Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы және өнегелі өмір жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", - делінген министрлік хабарламасында.