Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 03.12.2025 11:45 Обновлять, 03.12.2025 18:45

Ақтөбеде жасөспірім туған анасын пышақтап өлтірді

Ақтөбеде жасөспірім екі әйелді пышақтап тастады, деп хабарлайды  paryz.kz.

Ақтөбеде жасөспірім туған анасын пышақтап өлтірді
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласының полиция кезекші бөліміне қала пәтерлерінің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабар түсті.

"Оқиға орнына жеткен жасақ пәтерден зорлық белгілері бар әйелдің мәйітін анықтады. Сонымен қатар осы пәтерден пышақ жарақаттары бар қарт әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті өз кінәсін мойындаған", - дейді ведомстводағылар.

Егде жастағы әйел ауруханада, ал жарақат алған екінші әйел қайтыс болған. Күдікке осы отбасының жасөспірім баласы ілінді.

Полиция тарапынан адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.