Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 27.11.2025 15:25 Обновлять, 28.11.2025 15:19

Стамбұлда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды

Стамбұлда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды. Ол елордадағы дүкендердің бірінен зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды paryz.kz.

Стамбұлда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды
Фото: NUR.KZ

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен, Стамбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталған.

"2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы маусымға дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен", - делінген хабарламада. 

27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынған.