Прямой эфир
Астана
25.77°C
Маңғыстау облысы Бейнеуде жасөспірім басқарған көлік полиция көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды paryz.kz.
Жол апаты бейнекамераға түсіп қалған. Оқиға 25 қарашада болған. Toyota көлігі өте жоғары жылдамдықпен келіп, полицияның қызметтік көлігіне соғылған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті 17 жастағы жасөспірім басқарған.
"Екінші көлікті көліктің рөлінде көлік жүргізуге құқығы жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім басқарғаны анықталды. Оның ата-анасы кәмелетке толмаған адамға көлік басқаруға рұқсат бергені үшін, сондай-ақ тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді ведомстводағылар.
Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Абырой болғанда апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.