Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 19.11.2025 10:25 Обновлять, 20.11.2025 19:27

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды

Алматыда екі қалалық маршруттық автобус соқтығысты, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден фото мен видео жарияланды. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40-та Медеу ауданында болғанын хабарлады.

«69-маршруттың жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Назарбаев даңғылынан шығыс жақта орналасқан аялдама кешенінде тұрған 208-маршруттық автобусына соқтығысқан. Апат салдарынан 69-маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», – деп мәлімдеді полиция.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.