Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 18.11.2025 11:24 Обновлять, 18.11.2025 16:52

«Ағасының тойына барған»: Жетісайдағы өрттен қаза тапқандар бір әулеттің мүшелері болып шықты

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы болған алапат өртке қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ағасының тойына барған»: Жетісайдағы өрттен қаза тапқандар бір әулеттің мүшелері болып шықты
фото: әлеуметтік желіден

bairaqmedia.kz анықтап білгендей, өрттен қаза тапқан марқұмдар бір әулеттің мүшелері. Олар көрші ауылдағы ағасының ұлының сүндет тойынан қайтып келе жатып, Алғабастағы бауырының үйіне түнеген.

Сол түнде 360 шаршы метрлік коттеджден өрт шығып, 12 адам қаза тапты. Өртенген үй иесінің отбасы түгел көз жұмған.

Ал үй иесінің анасы мен ағасы, сондай-ақ ағасының қызы жансақтау бөлімінде жатыр.

Қаза тапқандардың арасында 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019, 2021, 2024 жылдары туған балалар болған.