Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістан облысында мектепте жарақат алған оқушы қайтыс болды

Түркістан облысы Шардара ауданында 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағы кезінде жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz

Түркістан облысында мектепте жарақат алған оқушы қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Оқушы дене шынықтыру сабағында жаттығу кезінде құлап, жарақат алған.

"Мұғалім мен мектептің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, оқушыны Шардара аудандық ауруханаға жедел жеткізген. Өкінішке қарай, ота кезінде бала көз жұмды", - деді облыстық білім басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қайғылы жағдай күзгі каникул басталмай тұрып болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деді басқармадағылар.