Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Маңғыстау облысында автокөлік түйені қағып кетті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының маңында автокөлік түйеге соғылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстау облысында автокөлік түйені қағып кетті
Photo : CC0 / Alexas_Fotos

Оқиға 26 қазан түнде болған.

"Lada Largus көлігі жолға шығып кеткен түйемен соқтығысқан. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері жануардың иесін анықтап, оны жауапқа тартты", - деп хабарлады полиция.

Түйе иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу" бойынша хаттама толтырылып, үш айлық есептік көрсеткіш немесе 11 796 теңге көлемінде айыппұл салынды.