Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада бағдаршамда 7 жасар баланы көлік қақты

Астанада бағдаршамның жасыл түсі жанғанда көшені кесіп өтпек болған жеті жасар баланы көлік қақты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Астанада бағдаршамда 7 жасар баланы көлік қақты

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Telegram-дағы Kris_p_astana арнасында жарияланды. Автор жол-көлік оқиғасыАйнакөл көшесінде, бала бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан кезде болғанын жазды.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметінше, Айнакөл көшесінің бойымен келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі Төлебаев көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Хабарламаға сүйенсек, бала бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді, тексеруден кейін ол амбулаториялық емдеуге жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.