Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды
«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС-ның алдын ала ақпараты бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді. Қанша балл сезілгені туралы мәліметтер анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Алматы тұрғындарына телефон арқылы жер сілкінісі туралы хабарлама келген.
ТЖМ кейінірек нақтылағандай, жер сілкінісі 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-да тіркелген.
Ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 км жерде орналасқан. Алматы қаласында жерасты дүмпулері сезілмеген.