Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Семейде ер адамды пойыз басып, аяғынан айырылды

"Шар - Семей" темір жолында 23 жастағы жігітті пойыз басып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Семейде ер адамды пойыз басып, аяғынан айырылды
фото: Sputniknews

"Ертістің сол жағы – Семей күзетілетін реттелетін өткелінде "Тальго" жолаушылар пойызы жылдамдықты сағатына 35 километрге дейін тежеуге мәжбүр болды. Өйткені темір жолға кенеттен адам шыққан", - дейді ведомстводағылар.

Жігіт локомотивтің дыбыстық дабылын елемеген.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол құлаққап тағып, капюшон киіп алған. Сол себепті пойыздың даусын естімеген. Жәбірленуші жарақат алып, оң аяғынан айырылды", - дейді компания.