Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Маңғыстауда жас жігіт антибиотик салдырғаннан кейін көз жұмған

2025 жылдың тоғыз айында Маңғыстау облысындағы жеке медициналық кабинеттерде екпе салдырған 41 адам анафилактикалық шок алған. Соның ішінде, екі адам қайтыс болған, деп хабарлайды Paryz.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстауда жас жігіт антибиотик салдырғаннан кейін көз жұмған
Фото: istockphoto.com

Бұл туралы өңірлік Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетярова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлерінің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында біраз адам аман қалған. Алайда, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылының тұрғынын құтқару мүмкін болмаған.

«Жас жігіт антибиотик сатып алып, сол дәріханада орналасқан процедуралық кабинет қызметін пайдаланған. Инъекциядан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалған. «103» қызметі келген кезде биологиялық өлім тіркелді», – деді ведомство басшысы. 

Тексеру барысында аталған кабинет лицензиясыз жұмыс істегені, екпені дәрігер тағайындамағаны және екпе салған адамның сертификаты болмағаны анықталды. 

«Тексеру материалдары полиция департаментіне жолданды. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – дейді ол.

Оның айтуынша, тек қыркүйек айында Ақтауда 46 процедуралық кабинетті тексерген мамандар 12 кабинеттің қызметін тоқтатқан.