Алматыда автобус қарт кісін қағып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 17 қазан күні сағат 09:45 шамасында Медеу ауданында болған.
«Автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Зенков көшесінің қиылысында 1950 жылы туған әйел адамды қағып кетті. Зардап шеккен әйел түрлі жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді», – деп мәлімдеді полицияда.
Қазір оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.