Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада аялдаманы сындырған ер адам ұсталды

Елордалық полиция қызметкерлері қоғамдық мүлікті бүлдірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада аялдаманы сындырған ер адам ұсталды
фото: видеодан скриншот

Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Ер адам мас күйінде аялдама павильонының әйнегін сындырып кеткен.

Оқиға куәгерлері полицияға хабар бергеннен кейін, тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстады. Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1 бөлігі «бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Елордада жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.