Жезқазған көшесінде коммуналдық жөндеу жүргізу кезінде жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жазатайым оқиға 8 қазан сағат 14:00 шамасында болған. Жұмысты мердігер "Бектан" серіктестігі атқарған.
"Оқыс оқиға салдарынан 50 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Кәріз желілерін төсеу бойынша жер жұмыстарын орындау кезінде шамамен 2 метрлік топырақ опырылып кеткен. Жұмысшы үйінді астында қалған ", - дейді Ұлытау облыстық еңбек инспекциясы.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі жұмысшы қайтыс болды деген қорытынды шығарды. "Жедел жәрдем станциясына 112 - авариялық-құтқару қызметінен адамның траншеяға құлағаны туралы шақыру түсті. Жедел жәрдем сол жерде қайтыс болды деп мәлімдеді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Полиция "адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.