Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында жасөспірімді жедел жәрдем көлігі қақты

Алматыда жол қиылыстарының бірінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті. Жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған paryz.kz.

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында жасөспірімді жедел жәрдем көлігі қақты
фото: видеодан скриншот

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 7 қазанда сағат 17:20-да Әуезов ауданында болған. "Жедел жәрдем жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта қарсы бағыттағы жолақпен келе жатып, Береговой көшесінің қиылысында оңтүстікке қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты", - деп түсіндірді полиция департаменті өкілдері.

Оқиға салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция бөліміндегілер анықтап жатыр. Ал желіде оқиға орнында куәгерлер түсірген видеолар жарияланып жатыр.