Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі есірткі тасымалдау арнасын әшкерелеп, 75 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Polisia.kz басылымының хабарлауынша, ер адам "Қарасора" іс-шарасы аясында ұсталды.
Алдын ала алынған мәлімет бойынша күдіктінің тыйым салынған заттарды алып өтуі мүмкін екені анықталған. Теміржол вокзалында жүргізілген тінту кезінде оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткі заттары – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш тәркіленді.
Одан бөлек, вокзал маңында тұрған күдіктінің автокөлігін тексеру барысында багаждан орауыш таспамен қапталған екі ірі брикет табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың ішінде де марихуана болған. Жалпы тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 20 келі болған.