Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 18.11.2025 11:24 Обновлять, 19.11.2025 10:01

Шымкентте құрылыс алаңында 24 жастағы жігіт мерт болды

Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдай орын алды. 24 жастағы жігіт аяқталмаған лифт шахтасына құлап, көз жұмған. Оқиға жұмыс уақытында болғанымен, құрылыс алаңында жауапты тұлғалардың ешқайсысы болмаған, деп хабарлайды Paryz.kz Otyrar арнасына сілтеме жасап.

Шымкентте құрылыс алаңында 24 жастағы жігіт мерт болды
Фото: Pixabay

Марқұмның туыстары қазаны растағанымен, түсініктеме беруден бас тартты. Құрылыс компаниясы да әзірге ресми пікір білдірмеді.

Шымкент қаласы бойынша еңбек департаментінің мәліметінше, полициядан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, нысанға жауапты «Айна Мэйр Хаус» ЖШС құрылыс алаңында Үмітжан Балтабаев белгісіз жағдайда құлап, мерт болған. 

Жұмыс берушіден ресми хабарлама түспегендіктен, еңбек инспекциясы прокуратура арқылы жоспардан тыс тексеруге рұқсат сұрады. Қалалық полиция департаменті «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Тергеу жүріп жатыр. Статистикаға сүйенсек, Шымкентте биылдың өзінде 17 адам өндірістік жазатайым жағдайдан зардап шеккен, олардың алтауы қайтыс болған. Көптеген іс әлі тергеу сатысында.