Бүгін түнде Алматыдағы Алатау ауданының Солтүстік айналым шағын ауданында орналасқан сауда базарында өрт шықты. Тез тамақтану дүңгіршегінен басталған жалын металл контейнерге ауысқан, деп хабарлайды Paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері бір қабатты нысанның жанып жатқанын және оттың көрші ғимараттарға таралу қаупін анықтады.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 50 шаршы метр аумақта дер кезінде ауыздықталды.
Қауіпсіздік шаралары барысында 2 газ баллоны сыртқа шығарылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.