Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкенттегі өрт: Ер адам көмек келгенше терезеде ілініп тұрды

Желіде Шымкентте сауда ойын-сауық орталығы өртенген сәтте ер адамның терезеде ілініп тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкенттегі өрт: Ер адам көмек келгенше терезеде ілініп тұрды
фото: видеодан скриншот

Ер адам саты арқылы аман-есен құтқарылған.

«Төлеметов көшесінде орналасқан сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде ашық жалын мен қою түтін байқалған. Үшінші қабатқа автосаты мен үш иінді саты орнатылып, екі адам, ал екінші қабаттан тағы үш адам құтқарылды. Эвакуация ресми түрде жүргізілмеген. Тұрғындар төтенше жағдай қызметкерлері келгенге дейін өз бетінше сыртқа шыққан. Өрттің жалпы аумағы 270 шаршы метрді құраған», – деді ТЖМ баспасөз қызметі.