Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Құлсарыда ер адам балаларға тиіскен

Құлсары қаласында белгісіз ер адам көшеде балаларға тиіскен, оларды құшақтағысы келіп, өзімен бірге алып кетуге әрекет жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Құлсарыда ер адам балаларға тиіскен
Фото: polisia.kz

Оқиға күндіз, тұрғын үйлердің қасында ,балабақша мен мектептің жанында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам ішімдік не есірткіден масайған болуы мүмкін. Ол оқушыларды құшақтап, өзімен бірге жүруге үгіттеген.

 Жағдайға жергілікті тұрғын әйел араласып, балаларды ата-анасына апарып, кейін полиция шақырған. Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 1985 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол - II топ мүгедегі. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінен.

Күдіктінің қамқоршысымен профилактикалық әңгіме өткізіліп, оны арнайы емдеу мекемесіне орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Полиция сонымен қатар ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ересектердің қырағылығы – балаларды қауіптен қорғайтын басты қалқан.