Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда ақша айырбастау пунктінде бейтаныс адам қала тұрғынының 13 млн теңгесін ұрлап кетті

Алматыда ақша айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынынан 13 млн теңге көлеміндегі ақшасын ашық түрде тартып алған, деп хабарлайды Paryz.kz

Алматыда ақша айырбастау пунктінде бейтаныс адам қала тұрғынының 13 млн теңгесін ұрлап кетті
фото: видеодан скриншот

Полиция мәліметінше, оқиға Төле би даңғылы бойындағы айырбастау пунктінің маңында болған. Бейтаныс ер адам қала тұрғынынан 13 млн теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер 39 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында қылмыс кезінде бейнежазбаға түскен киімдер, ақшалай қаражат және өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.