Таразда жасөсіпірімдер жанжалдасып қалып, олардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға 1 қыркүйекте болған. Полиция бұл ақпаратты растады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.