Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Таразда 73 жастағы ер адам тергеу изоляторында көз жұмды

Тараздағы тергеу изоляторында 73 жастағы сотталған қарт кісі көз жұмды. Ол биыл мамыр айында пара бергені үшін сотталған болатын. Қария апелляциялық шағым нәтижесін күтіп жатқан. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таразда 73 жастағы ер адам тергеу изоляторында көз жұмды
Фото: Pixabay

Марқұмның туыстары оның ауыр халде екенін бірнеше рет айтып, дабыл қаққан.

Ер адамның жүрегі кардиостимулятор арқылы жұмыс істеген, ол жүрек демікпесі мен қант диабетіне шалдыққан. Сот-медициналық сараптама оның жаза өтеуден босатуға негіз болатын аурулары бар екенін анықтаған. Қайтыс болар алдында оның жағдайы нашарлап, жедел жәрдем күн сайын шақырылған. Апелляциялық сот отырысы 13 тамызға шегерілген. Ресми жауап: 

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл жағдайға пікір білдірді:

«Тараз қаласындағы тергеу изоляторында қамалған ер адам кенеттен қайтыс болды. Өлім дерегі бейнебақылау камерасына тіркелген. Ол жүрек ауруы бойынша медицина мекемесінде есепте тұрған, бұрын бірнеше рет ауруханаға жеткізілген», — делінген ресми мәлімдемеде. Алдын ала дерек бойынша, өлімге жүрек дерті себеп болған.