Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды

Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды
Фото: ТЖД

Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына бара жатқан жолда жүкті әйел толғатып, кенеттен босана бастады.

Пациент алдын ала жеке автокөлікпен ТЖМ "Шығанақ" трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізілді, ол жерден aпаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасының сүйемелдеуімен орталық аудандық ауруханаға жіберілді.

Әйел реанимациялық машинада босанды. Құтқарушылар жолда барлық қажетті көмекті көрсетіп, аман-есен дүниеге ұл бала келді.

Анасы мен жаңа туған сәбидің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де Мойынқұм орталық ауруханасына жатқызылды.