Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының белсенділері әлеуметтік желіде адам шошырлық видео таратып жүрген 17 жастағы қыздың әрекетіне назар аударып, полицияға шағымданған, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға сенсек, бейнежазбадағы қыз бала үй жануарларын өлтіріп, сойып, олардың қалдықтарынан кәдесый жасап отырған.
Әрі әрекетінің бәрін видеоға түсіріп, оны Тик-ток әлеуметтік желісіндегі парақшасына салып отырған. Редакция осы мәселеге қатысты облыстың полиция департаментінен комментарий сұратты.
«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты кәмелет жасына толмаған 17 жастағы қыз анықталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне келді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция кәмелет жасына толмаған қыз бен оның ата-анасына заң талаптарын түсіндіріп, іс материалдары әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберді», - деп хабарлайды ШҚО-ның полиция департаменті.