Алматы облысының Іле ауданында орналасқан құс фабрикасында өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапқан, деп хабарлайды
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті өрттің аумағы 450 шаршы метр болғанын хабарлап отыр. Өрт кәсіпорынның асханасында басталған.
«Өрт сөндірушілер келген кезде өрттің аумағы үлкейіп кеткені анықталды. Өрт сөндірушілер бір адамның мәйітін тапты», - деп хабарлады Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі осы өрт бойынша қылмыстық іс қозғаған.