Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері жүк көлігін жаяу қуды

Маңғыстау облысының Өмірзақ ауылында полиция қызметкерлері жүк көлігін қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері жүк көлігін жаяу қуды
фото: видеодан скриншот

Оқиға 29 шілде шамамен шамамен түнгі сағат 01:30-да болған. Әлеуметтік желіде тарады видеодан бірнеше полиция қызметкері жүк көлігін алдымен жаяу, кейін көлікпен қуғанын көруге болады.

"Өмірзақ ауылындағы өндірістік аймаққа жақын автожолда полицей қызметкерлері DAV маркалы көлікті байқаған. Көліктің жүрісі күдік тудырған. Жүргізуші полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысты. Қуғын барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзды", - дейді ведомство. 

Қашқын жүргізуші Түркістан облысының тұрғыны болған. Жүк тасымалдаумен айналысады екен, тиісті құжаттары бар дейді полиция. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. 

"Азамат келесі құқықбұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылды: полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, маневр жасау ережелерін бұзу. Сондай-ақ қарсы бағыттағы жолаққа шығу, медициналық куәландырудан бас тарту (мас күйінде көлік жүргізуге теңестіріледі), жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, апаттық жағдай жасау. Көлік арнайы тұраққа қойылып, іс сотқа жолданды", - дейді Маңғыстау облыстық полициясы.