Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні әлеуметтік желідегі парақшасында ауырып жүргенін айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Paryz.kz Sinside сайтына сілтеме жасап.
Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Instagram желісіндегі ресми парақшасында Stories жариялады.
"Далада жаңбыр жауса, ауланың иісіне тоймаймын", – деп жазды ол.
Осыдан кейін оқырмандары оған "сіз анемиясыз" (қан жетіспеушілігі) деп айтып, өз ақыл-кеңестерін айтты.
"Ет-тамақ жиі іш. Иммунитетің түсіп кетпесін", "Анар шырынын көп іш", "Дәрі іш", – деп қолдау көрсетіп жатыр желі оқырмандары.