Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қаза тапқандар бар»: Шавкат Рахмоновтың әйелі жантүршігерлік апатқа ұшырады

Алматы-Екатеринбург тас жолында UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қаза тапқандар бар»: Шавкат Рахмоновтың әйелі жантүршігерлік апатқа ұшырады
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ақпарат «Криминальный Казахстан» Telegram каналында жарияланды.

Басылымның мәліметінше қайғылы оқиға 27 шілде күні таңертең Ақсүйек ауылының маңында болған.

 «Гүлайым Рахмонова ұлымен және достарымен Қарағандыдан Алматыға Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша әйел тізгінге ие бола алмай қалғандықтан көлік аударылған», - делінген хабарламада.

Спортшының әйелі мен баласы ауруханада жатыр Оқиға салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жәбірленуші, 35 жастағы Мойынқұм аудандық ауруханасына апарар жолда қайтыс болды.

«Рахмонова мен оның 3 жасар ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр», - деп жазды басылым.

 Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.