Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

СҚО-да екі бірдей аяғынан айырылған әйел адамның мәйіті табылды

Петропавл қаласында 61 жастағы әйел адамның мәйіті көпқабатты үйдің жанынан табылды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

СҚО-да екі бірдей аяғынан айырылған әйел адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Желідегі мәліметке жүгінсек, әйел адам төртінші қабаттан секіріп, суицид жасаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері өлімін ғана тіркей алған. Сол сияқты әйел адам жуырда ғана екі аяғын бірдей үсітіп алып, салдарынан ампутация жасалғаны хабарланды. Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне пікір білдірді

 «17 шілде күні Петропавл қаласындағы Жуков көшесі бойындағы тұрғын үйдің жанынан 61 жастағы әйел адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол төртінші қабаттағы балконнан секіріп, өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Полиция департаментінің түсініктемесінде.