Атырау облысының Құрманғазы ауданында, 8-ші және 9-шы разъездердің арасындағы жол учаскесінде ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Құрманғазы ауылынан шамамен 45 шақырым қашықтықта Toyota Ipsum және EXEED TXL автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.
Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.